Байғабыл Тамы
Байғабыл Тамы — 20 ғасырдың бас кезінен сақталған сәулет ескерткіші. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз кентінен солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде. 1983 жылы Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедициясы (жетекшісі С.И. Әжіғалиев) зерттеген. Байғабыл Тамы —ауданы 3,63,7 м, биіктігі. 7,4 м, порталды-күмбезді пішіндегі сегізқырлы ғимарат. Кіретін аркалы ойығы оңтүстікке қараған. Ескерткіштің тұғыры да, өзі де шикі кірпіштен қаланып, сыртынан өлшемі 81723 және 81833 см күйдірілген кірпішпен қапталған. Қазір аркалы порталдың негізгі қабырғадан 1,50 м озық тұрған пилондары (босағалары) ғана қалған. Жазық қырлары мен түйісер бұрыштары қуысты-қалақша тәрізді бөліктерге бөлінген де, үстінен кірпішпен бастыра жабылған. Ғимараттың қабырғаларының жоғарғы жақтары әсем ернеумен бітеді. Одан жоғары сегіз қырлы барабан мен пирамида пішінді күмбез қалдықтары байқалады. Күмбезді шығару үшін тромп қатарлары (16) өрілген. Оның үстінен сәндік үшін белдеу жасалған. Ішкі жағы осы белдеуге дейін түгел сыланып, әктелген. Кіретін есіктің екі жағында тікбұрышты терезелері бар. Тамның солт-не таман және ортасында бейіт орны байқалады. Байғабыл Тамы — архитектор жобасы тұрғысынан алғанда, 18 ғасыр мен 19 ғасырдың ортасында солтүстік Арал маңында өркендеген сәулет өнері үлгісінің соңғы кезеңіне жататын ескерткіш. [1]
Пайдаланылған әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 2 том;
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|