Байжансай қорғасын кен орны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Байжансай қорғасын кен орныТүркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан. Кен орны алғаш 1904 жылы орыс зерттеушілері В.Н. Вебер мен М.М.Бронниковтың мәліметінен белгілі болған. Геология барлау жұмыстары 1930 жылы басталған.

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Байжансай қорғасын кенінің геология құрылымына шөгінді тау жыныстары кіреді. Кен Ақсұран синклиналі мен оны қиып өтетін Байжансай жарылымы бойында девон-карбон кезеңдерінде түзілген. Литологиялық-петрографиялық құрамында қызыл түсті құмтас, ұсақ малтатасты конгломерат, алевролит (Түлкібас қабаты) және карбонат шөгінділер кездеседі.

Жатыс сипаты, құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі кен денелері шоғырланған конгломерат, құмтас пен әктастан тұратын қабаттың қалыңдығы 200-250 м. Кентастар негізінен галениттен, аз мөлшерде пирит пен сфалериттен тұрады. Олар жыныс массасында түйіршікті, сызықша, брекчия тәрізді және тұтас сульфид құрылымды болып таралған. Кен денесінің ұзындығы жоғарғы горизонттарда 340 м, тереңдеген сайын 150 метрге дейін азаяды, қалыңдығы 0,5-3 м, кей жерлерде 11 метрге жетеді. Байжансай қорғасын кен орны — Шымкент қорғасын зауытының шикізат көзі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;