Базалық матрицалық кристалл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Базалық матрицалық кристалл (Базовый матричный кристалл) — кристалл үстінде матрицалық өдіспен орналастырылған (тік бұрышты тор түйіндерінде), өзара қосылмаған карапайым элеменггерден (мысалы, транзисторлардан) тұратын кристалл. Сондықтан осындай құрылыммен жасалған схемаларды матрицалық АҮИС деп атайды. Осы жагдайда логикалық элементтің (ЛЭ) топологиясы жүйелі орналасқан қарапайым элементтер негізінде құрылады. Сондықтан жобалау барысында ЛЭ кристалдың кез келген жерінде орналастырылуы мүмкін, ал бүкіл схеманы құрастыру үшін тек қана коммутация қабаттарының фотошаблондарын жасау қажет болады. Базалық кристалдың өзі белгілі бір өлшемдері бар тікбұрышты коп қабатты пластина болып табылады: онда шеткері және ішкі облыстарды ажыратуға болады. Шеткері облыста сыртқы қосылыстарды іске асыруға арналған сыртқы түйіспелік ауданшалар және буферлік схемаларды жасауға арналған шеткері ұяшықтар бар. Ал ішкі облыстарда жобаланатын схеманың элементтері орналасады. Б.м.к-дың негізгі артықшылығы ҮИС және АҮИС-ды жасағанда жобалауды автоматтандыруға мүмкіндік беріп, олардың бағасын төмендетеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6