Ақшалай-заттай лотерея
Ақшалай-заттай лотерея (французша loterіe – жеребе салу) – лотерея билеттерін тарату, сату арқылы халықтың ақшалай қаражатын ерікті түрде игілікті іске тартудың бір түрі. Түскен қаражаттың бір бөлігі заттай немесе ақшалай ұтысқа ойналады. Қалған бөлігі елде спортты, өнерді, т.б. игілікті шараларды қолдау үшін жұмсалады. Лотерея билеті құнды қағаз болып табылады. Ұтысты заттай немесе ақшалай алуға болады. Көптеген елде ақшалай-заттай лотерея ұтыстарын муниципалитеттер, қайырымдылық қорлары, қоғамдық ұйымдар өткізіп тұрады. Қазақстанда Ұлттық лотерея шығарылады (1998), ақшалай ұтыстан басқа ірі заттай да ұтыстар бар.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |