Ақтасты (Ұлытау облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ауыл
Ақтасты
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Ұлытау

Ауданы

Жаңаарқа

Ауылдық округі

Талдыбұлақ

Тарихы мен географиясы
Координаттары

48°50′01″ с. е. 71°35′38″ ш. б. / 48.83361° с. е. 71.59389° ш. б. / 48.83361; 71.59389 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°50′01″ с. е. 71°35′38″ ш. б. / 48.83361° с. е. 71.59389° ш. б. / 48.83361; 71.59389 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1982

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

218 адам (2009)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

20

Ақтасты картада
Ақтасты
Ақтасты
Ақтасты картада
Ақтасты
Ақтасты
 Басқа мағыналар үшін Ақтасты деген бетті қараңыз.

АқтастыҰлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2017 жылға дейін таратылған Ақтасты ауылдық округінің орталығы болды.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жартас тауының етегіңде, аудан орталығы Жаңаарқа кентінен солтүстікке қарай 14 км-дей жерде.

Іргесі 1982 жылы кеңшар болып каланған. Жерінің жалпы ауданы - 11,5 мың га. Шаруашылығың мамандандырылған негізгі бағыттары - сүт, қосымша шаруашылығы көкөніс өсіру болды. Округте 25 шаруа қожалығы бар. Олар егін және мал өсірумен айналысады.

Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 429 адам (206 ер адам және 223 әйел адам) болса, 2009 жылы 218 адамды (117 ер адам және 101 әйел адам) құрады.[1]

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Округтің елді мекендерінде (Ақтасты, Үлкен бұлақ, Алғабас, Жаңа Алғабас ауылдары) 2 мектеп, 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана, басқа да мәдени тұрмыстық мекемелер бар. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Атасу темір жол станциясы 35 км жерде.

Ақтастыдан 6 км жерде Ақтасты гидроторабы орналасқан.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
  2. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5