Ақсай (өзен, Алматы облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ақсай өзені
Ақсай өзені (Алматы)
250px
Сипаттамасы
Ұзындығы 70 км
Су алабының
ауданы
566 км²
Су ағысы
Бастауы Іле Алатауы
 • Координаттары 43°03′03″ с. е. 76°47′45″ ш. б. / 43.05083° с. е. 76.79583° ш. б. / 43.05083; 76.79583 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы
 • Координаттары 43°28′18″ с. е. 76°43′59″ ш. б. / 43.47167° с. е. 76.73306° ш. б. / 43.47167; 76.73306 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°28′18″ с. е. 76°43′59″ ш. б. / 43.47167° с. е. 76.73306° ш. б. / 43.47167; 76.73306 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Алматы облысы Қарасай ауданы

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

АқсайАлматы облысы Қарасай ауданындағы өзен. Қаскелең өзенінің оң саласы. Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 566 км2.

Бастауын Іле Алатауының мұздықтарынан алып, әр түрлі ландшафт белдемдерінен өтеді.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақжар ауылы тұсындағы аңғары 8 м, орташа тереңдігі 0,2 – 0,7 м, ең терең жері 1,2 м. Жылдық орташа су ағымы 2,63 м3/с. Ақсай және оның салаларынан сел жүріп тұрады. Осындай ірі селдің бірі 1921 жылы Ақсай өзенінің бойымен өткен. Сел жүргендегі су шығымы 307,0 м3/с-қа жеткен. Басты салалары: Ақсай, Тастыбұлақ, Ойжайлау, Қырғауылды. Суын елді мекендер егін суғаруға пайдаланады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]