Ақпарат саясаты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ақпарат саясаты— мемлекеттік органдардың қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған реттеушілік қызметі. Бұл тек телекоммуникацияларды, ақпараттық жүйелерді немесе бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, барлық түрдегі — іскерлік, бәзілдік, ғылыми-танымдық, хабарламалық т.б. сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды. Ақпарат саясатын бұлайша түсіндіру ақпарат индустриясының әрқилы секторларының арасындағы кедергілерді жоя отырып, қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникацияларды, компьютерлік технологияларды жаңалау үрдісіне, ақпараттарды цифрлау ісіне негізделіп отыр. Мемлекет өзінің экономикалық, әлеуметтік-саяси, ұлттық мүдделеріне сәйкес Ақпарат саясатын ұстанады. Мемлекеттің тарихындағы түбірлі реформасының өзгерістерге орай дұрыс таңдап алған Ақпарат саясаты қоғамның мүдделі мұраттарына жол бастап, өзіндік материалдық-рухани құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге қызмет етеді. [1]


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7