Ақдөң қорықшасы
Ақдөң қорықшасы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Ауданы | 3 мың га |
Құрылған уақыты | 1971 |
Орналасуы | |
51°14′18″ с. е. 73°17′44″ ш. б. / 51.238197° с. е. 73.295525° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°14′18″ с. е. 73°17′44″ ш. б. / 51.238197° с. е. 73.295525° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды облысы |
Аудан | Осакаров ауданы |
Ақдөң (Ақдің) қорықшасы – республикалық маңызға ие зоологиялық қорықша. Ерейментау тауының орталық бөлігінде 1971 жылы ұйымдастырылған.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарағанды облысы Осакаров ауданының солтүстік бөлігінде Молодёжный кентінің солтүстігінде — 40 км жерде орналасқан. Ауданы 3000 га. Қорықшаның аты кейбір әдебиеттерде “Белодымский” деп те айтылады. Қорықша жері арқылы батыстан шығысқа қарай Тасбұлақ өзені ағады.
Флорасы иен фаунасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Далалық селеулі өсімдіктер басым. Кей жерінде итмұрын, үшқат бұталары, таудың жартасты жерінде ұсақ жапырақты үшқат, қарақат, зерек (бөріқарақат), ырғай, ал өзен аңғарларында мойыл, долана, қандыағаш өседі. Жануарларға да бай. Құстардың 80-нен астам түрі (құр, кекілік, шіл т.б.), сүтқоректілердің 33 түрі (аққоян, борсық, түлкі, қарсақ, елік, кірпі, дала суыры немесе байбақ, ақкіс, аққалақ, сасық күзен т.б.) мекен етеді. Қорықшада мекен ететін бүркіт, арқар қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”енгізілген (1996).[1]