Ақан Нұрманов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ақан Нұрманов (1933 жыл, Ақсу ауданы, Алматы облысы1968 жыл) — кеңестік жазушы.

Еңбек жолы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1951–1952 жылдары Қазақ тау-кен институтына оқыды. Ал 1957 жылы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. 1957–1964 жылдары Қостанай облысы, Амангелді аудандық «Социалистік шаруа», Қостанай облыстық «Коммунизм таңы», республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі Жас алаш) газеттерінде қызмет істеген. 1964–1968 жылдары «Жұлдыз» журналы редакциясының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Шығармалары: Арайлы таң. Повестер. А., «Жазушы», 1964; Аққу жұлдызы. Повестері., «Жазушы», 1965; Қүланның ажалы. Роман, повестер және әңгімелер. А., «Жазушы», 1969, 1976 және 1977 (орыс тілінде), 1985.[1]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса Қазақстан жазушылары: Анықтамалық — Алматы: Аң арыс баспасы, 2009.