АҚШ-тың Республикалық партиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
АҚШ-тың Республикалық партиясы - американ монополистік капиталының негізгі екі саяси партиясының бірі. 1854 ж. буржуазия өкілдері құрды. Империализм дәуірі басталғаннан бері ірі монополиялардың мүддесін қорғай отырып, агрессияшыл саясат жүргізіп келеді. Партияның құрылымы сайлау тартысы мен парламенттік күреске бейімделген. АҚШ-тың Республикалық партиясы съездер өткізіп, президенттікке және вице-президентікке кандидаттар ұсынады. Съездер аралығындағы жұмысты төраға бастаған Ұлттық комитет жүргізеді. Партияның тұрақты мүшелері жоқ. Өздерін Республикалық партияның қатарындамыз деген сайлаушылар түгел партия мүшелерінің тізіміне жазыла береді. Монополистік капиталдың қол шоқпары болып табылатын босстар (саяси ала аяқтар) партияның қызметінде маңызды роль атқарады. Партия басшылығы өзінің саясатын сайлау алдындағы бағдарламада жариялайды. АҚШ-тың Республикалық партиясы аса ірі монополистік топтармен тығыз байланысты; олар партияны қаражат жағынан асырап-сақтап, оның саясатын белгілеп беріп отырады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ кеңес энциклопедиясы