Ағылшын-Бур соғысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Екінші ағылшын-бур соғысы
Дата

1899 жылдың 11 қазаны - 1902 жылдың 31 мамыры

Орын

Оңтүстік Африка (қазіргі ОАР мен Эсватини корольдігі)

Нәтиже

Британ империясының жеңісі

Қарсыластар

Ұлыбритания Британ империясы:
Ұлыбритания Ұлыбритания
Кап колониясы
Наталь
АустралияАвстралия
• Оңтүстік-Африка команиясы
• Үндістан
• Жаңа Зеландия
• Канада
• Цейлон

Оңтүстік Африка РеспубликасыТрансвааль
• Қызғылт сары Еркін Мемлекеті

Қолбасшылары

Ұлыбритания Лорд Солсбери
Ұлыбритания Альфред Милнер
Ұлыбритания Фредерик Робертс
Ұлыбритания Редверс Буллер
Ұлыбритания Герберт Китченер

Оңтүстік Африка Республикасы Пит (Питер) Кронье
Оңтүстік Африка Республикасы Петрус Жобер
Оңтүстік Африка Республикасы Луис Бота
Оңтүстік Африка Республикасы Коос Де ла Рей
• Христиан Девет

Тараптар күші

24-28 мың адам (соғыстың басында)
120 мың адам (1899 жылдың желтоқсаны)
450 мың адам (соғыстың аяғы)

45 мың адам (соғыстың басы)
83 мың адам (соғыстың аяғы)
Шетелден келген еріктілер - 2825 адам

Шығындар

22 000 (оның 6000-7000 қақтығыстар барысында, ал қалғандары аурулардан қайтыс болды)

қайтыс болған немесе жарақат алғандар - 6000-8000 (індеттерден қайтыс болғандардың саны белгісіз)
Концентрациялық лагерьлерде қайтыс болған бейбіт тұрғындардың саны 26 мың адам.

Ағылшын-Бур соғысы (18991902 жылдары) Ұлыбритания мен Оңтүстік Африка бур республикалары (Трансвааль және Азат Оранж мемлекеті) арасында саяси-экономикалық шиеленістер негізінде орын алды.

Оның басталуына Трансвааль президенті П.Крюгердің шетелдіктерге, әсіресе, онда тұрып жатқан ағылшындарға сайлау құқығын беруден бас тартуы түрткі болды. Бірақ соғыстың басты себептері ағылшындардың Кейптауннан Каирге дейінгі ұлан байтақ жерде отарлық империя құрып, Оңтүстік Африканың алтыны мен алмазын өз қолдарына алуға тырысушылығы болды. Алғашқы кезде бурлар ағылшын әскерлеріне табанды қарсылық көрсетіп, бірқатар ұрыстарда жеңіске жетті. Бірақ 1890 жылы көктемде күші басым Англия қарсы шабуылға шығып, маусым айының аяғында бур әскерін талқандады. Осыдан кейін ағылшындарға қарсы партизандық соғыс өріс алды. Ағылшындар қатаң жазалау шараларын қолданып, әйелдер мен балаларды арнайы құрылған лагерьлерде ұстады. Ақырында соғыс Ұлыбритания мен бур республикалары арасында 1902 жылы 31 мамырда Веринингте қол қойылған бітіммен аяқталды Бур республикалары Британ отарына айналды.

Соғыстың басталуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Джеймсонның жорығынан кейін Оранж республикасына қойылған шарттардың орындалуына қарамастан, Ұлыбритания соғысқа дайындала бастады. Трансвааль болашақ соғысқа дайындала отырып, Оранж республикасымен одақ туралы шарты бекітті.

Қарсыластардың күштері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Трансвааль және Оранж республикаларының тұрақты әскері болған жоқ (артиллериялық бөлімшелерді есептемегенде). Жаяу әскердің негізгі қаруы 1895 жылғы немістің Маузер мылтығы мен ескірген британдық Пибодо-Мартини мылтығы болды.

Концентрациялық лагерьлердің салдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Соғыс барысында британдықтар бур республикаларындағы халықтың жартысын (шамамен 200 мың адам) концентрациялық лагерлерге қамаған. Аштық пен індеттерден, кем дегенде, 26 мың адам қайтыс болды.
  • Тұтқынға түскен бурларды (ер азаматтарды) британдықтар Цейлондағы, Үндістандағы концентрациялық лагерге қамауға алған.
  • 1902 жылдан кейін британдықтар Витватерсранд алтын кеніндегі жұмыстар үшін Оңтүстік Африкада 50 мыңдай қытайлықты орналастырылды.

1910 жылы бур республикаларының жері Ұлыбритания доминионы — Оңтүстік Африка одағының құрамына кірді. Оның бірінші премьер-министрі болып бур генералы Луис Бота тағайындалды.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том

Ағылшындар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]