Аяттардың түсу себептері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Құран туралы мақалалар
Құран Кәрім
Құран Порталы
Portal icon Құран порталы

Аяттардың түсу себептері (араб.: أسباب النزول‎) туралы ғылым Құранның үкімдерінің түсу себептері мен мағынасын түсінуге, оны нақтылау мен түсінбеушіліктерді кетіруге көмектесетін ғылым.

Ибн Дақиқ әл-Ид айтқан:

«Аяттардың түсу жағдайын анықтау — Құран мағыналарын түсінуге алып баратын сенімді жол»

— «әл-Итқан» (114)

Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа:

«Аяттардың түсу жағдайын түсіну аятты түсінуге көмектеседі. Шарт туралы ғылым шарт етілген нәрсе туралы ғылымға мұрасын қалдырады.»

— «әл-Итқан» (114)

Құран аяттарының түсу себептерін білудің маңыздылығы ретінде мына аятты келтіруге болады:

«Шығыс пен Батыс Аллаһтың иелігінде. Сендер қай жаққа бұрылсаңдар да, онда Аллаһтың Жүзі болады. Аллаһ — Қамтушы, Білуші»

— әл-Бақара сүресі, 115 аят

Бұл аят тікелей қабылданатын болса, намазды құбылаға қарамастан кез келген жаққа бұрылып оқи беркге болады деп түсінуге болады. Бірақ бұл аяттың түсу себебін қарағанда, оның жолда оқылатын нәпіл намаздар туралы ғана айтылғаны белгілі болады[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Тафсир Ибн Касир» (1/208-211)

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]