Аякс (футбол клубы, Амстердам)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Нидерланд Аякс
Толық атауы

Amsterdamsche Football Club Ajax

Лақап аттары

Godenzonen (Құдай балалары)
Ajacieden (Аяксидтар)
Joden (Еврейлер)

Құрылған жылы

18 наурыз 1900

Стадионы

Йохан Кройф Арена

Сыйымдылығы

55,500[1]

Президенті

Нидерланд Франк Эйкен

Бас жаттықтырушы

Нидерланд

Капитаны

Сербия

Рейтингі

УЕФА рейтингінде 12-ші орын

Демеушісі

VodafoneZiggo

Сайты

ajax.nl

Жарыс

Эредивизи

2022/23

3.

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік

"Аякс" Амстердамдық футбол клубы (нидер. Amsterdamsche Football Club Ajax) — Амстердам қаласының нидерландтық кәсіби футбол клубы. 1900 жылы құрылған. Клубтың стадионы, "Амстердам-Арена", 1996 жылы ашылып, "Олимпиадалық стадион"-нан соң ең үлкен стадион болып есептеледі, өз ішіне 52 мыңнан астам жанкүйерлерді сыйдырады. "Аякс" - өз елінің ең атақты клубы, 2020/2021 жылғы маусымда өздерінің тарыхындағы 35-ші Нидерландтық Чемпионатты ұтып алды.

1971 жылы "Аякс" "Фейеноордтан" соң Еуропалық Чемпиондар Кубогын ұтып алған екінші нидерландтық клуб болды және финалда грекиялық "Панатинаикос" клубын 2:0 есебімен жеңді. 1972 жылы клуб екінші рет ең басты еуропалық кубокты жеңіп алды және ол жерде миландық "Интернационалені" 2:0 есебімен жеңіп шықты. 1973 жылы амстердамдылықтар үшінші рет Еуропалық Чемпиондар Кубогын жеңіп, финалда туриндік "Ювентусті" 1:0 есебімен жеңді. "Аякс" сол кез үшін, тарихта мадридтік "Реалмен" қатар, екінші клуб болып, осы кубоктарды өз мұражайында сақтайтын құқықты алды. 1995 жылы "Аякс" қайтадан Чемпиондар Лигасын ұтып, финалдық ойында миландық "Миланды" жеңді.

"Аякс" тарихтағы айтылатын "Үлкен дулыды" (Кубок және Чемпиондар Лигасы, Кубок иегерлерінің Кубогы және УЕФА Кубогы) алған, 4 клубтың қатарына кіреді. Сонымен қатар, Нидерландтық Кубокты жеңуі бойынша рекордшы клуб болып есептеледі (18 жеңіс).

Клубтық түстер, форма және танымбелгісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Аякс" бастапқыда қара түсті формамен және ойыншылардың белінен байланған қызыл түсті белдікпен ойнаған, бірақ сосын униформа қызыл-ақ түсті теркөйлекке және қара түсті шолақ шалбарға алмасты. Қызыл, қара және ақ - бұл Амстердамдық жалаудың түстері. Бірақ Джон Криуэн атты бас бапкердің кезенінде клуб 1911 жылдан бастап, елдің түпкі чемпионатында ойнай бастаған, "Аякс" сол үшін өз формасының түсін ауыстыруға мәжбүр болды, себебі Роттердамдық "Спарта" клубында сондай бояудағы форма болды. Футболдық қауымдастықтың нұсқаулығына сәйкес, командалар, жоғары дивизионға өткенде өз формасының түсін ауыстыру керек еді, егер сол жоғарғы лигадағы қандай да бір клубтың формасының түсі дәл сондай болса. "Аякс" тік бойынша арқасында және кеудесінде бар қызыл түсті жолақты ақ майканы және ақ шолақ шалбарды таңдады. Айтарлықтай, бұл форма стилі қазіргі уақытта да, "Аякстың" бас нұсқаулықты формасы болып табылады. 1900 жылы, клуб құрылған кезде, оның эмблемасы "Аякстың", қызыл-ақ түсті көйлек киген, ойыншысының суреті болған. 1928 жылы 20-сыншы қыркүйекте клубтың эмблемасының Аякс атты гректік мифтарындағы батырдың басының суреті болды. 62 жылдан соң, клубтық эмблема қайтадан өзгеріске ұшырады. 1990 жылы 1 шілдеде әдетті Аякстың басының суреті 11 қара сызыққа ауысты, бірақ сол күйінше батырдың басының бейнесін сақтап қалды. Бұл 11 қара сызық, клубтың 11 ойыншысын суреттеді.

"Аякстың" бірінші шынайы стадионы, трибуналары бар, 1911 жылы ағаштан соғылып, "Хет Хаутен" деп аталды. Кейінірек, клуб 1928 жылдағы жаздық Олимпияда ойындарына арнайы соғылған стадионда ойнай бастады. Бұл стадионды, Ян Вилс атты сәулетші жобасын жасаған, "Олимпиадалық стадион" атты атын алды. 1934 жылы "Аякс" "Де Мер" атты, Амстердамның шығысында орналасқан, стадионға ауысты, бұл стадионда олар 1996 жылға дейін ойнады. 1996 жылы "Аякс" Амстердамның оңтүстік-шығыс жағында орналасқан жаңа басыбайлы стадионына көшті, ал ол стадионның аты "Амстердам-Арена" деп аталды, оның соғылуына $134 миллион жұмсалды. Стадион өз ішіне 53 мың жанкүйер санын сыйғыза алады, үй ішіндегі ойындардың орташа қатысушылығы 2004/2005 жылғы маусымға 48 мың жанкүйер болды. Аренада бүктемелі шатыры бар және ол Еуропадағы ең замандас стадиондар санына кіреді. Сонымен қатар, "Де Мер" стадионын бұзып, оның орнына тұрғын үй орамын соқты. Йохан Кройффтың өліміне байланысты, "Амстердам-Арена" стадионың Йохан Кройфф Аренасына өзгертпек болған. Бұл идея БАҚта және жай ғана жанкүйерлердің арасында белсенді түрде талқыланды және оң жақты қолдауды қабылдады.

Басқа клубтармен бәсекесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Соңғы жылдары чемпиондылыққа "Аякстың" басты бақасы "ПСВ" болды, бірақтан олардың негізді бақасы "Фейеноорд" болып қалды. Осы екі клубтың, осы екі ең үлкен қалалардың: Амстердам және Роттердам, бір-бірінен қатты ажырасатын, ойындары чемпионаттағы ең басты ойын болып есептеледі.

АҚ АФҚ Аякс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Аякс" өз акцияларын биржалық тізімге салған алғашқы Нидерландтық клуб болып есептеледі. Акциялардың қор биржасына шығу 11 мамыр 1998 жылы болды. Бір ақцияның құны 25 гюльденге тең болды, осылайша, клубтың жалып акциялық құны 120 млн гюльденге тең болды. Бірақтан, кішігірім қайтарудан соң, бір акцияның құны 3,5 еуроға дейін құлад. Қиын-қастаулық ескертпелері ептеуі, акционерлік қоғамның заңдық тірегі футболдық клуб үшін сай келмеді. Клубтың жанкүйерлері, клубтың спорттық мүдделері экономикалық мүдделермен бәсекелесіне қатты алаңдады. Бірақ, 2008 жылы клубтың комитеті, сол кезде Юри Коронелмен басқарған, листинг клуб үшін түк керек емес екенін шешті, содан соң клуб акциялардың дилистингін бастады. Дегенмен, клуб өз акцияларын қайтып сатып алуынан бас тартты. 2014 жылдың 1 шілденің мәліметтері бойынша, клубтың 1 акциясының құны 9,45 млн еуроға тең.

Демеушілер және серіктестер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Аякстың" алғашқы үлкен демеушісі япондық TDK компаниясы болды, олар электрондық компаненнтерді және ақпарат тасушыларды жасайды. Бұл компаниямен үш-жылдық келісімшарты 1982 жылы 1 шілдеде жасалды. "Аякс", өз футболкаларына демеушісінің атын қосқан, Нидерландтағы алғашқы футбол клубы болды. 1991 жылы "Аякста" титулдық демеушісі нидерландтағы ең үлкен ABN AMRO атты банкіне ауысты. 17 жыл бойы банк атауы футбол клубының формасында болды, тек 2007 жылы "Аякста" бірінші және соңғы рет Florius атауы болды, ол ABN AMRO-ның банктік программаның аты болған. 2008 жылы 1 шілдеде, Амстердамдық клуб AEGON атты сақтандырушы компаниясымен 6 жылдық демеушілік келісімшартты қолдады. Компанияның атауы клубтық формада 2013/2014 жылдың маусымының аяғына дейін орын алды. 2014 жылдың қыркүйегінде "Аякс" елдегі ең үлкен "Ziggo" атты оператормен келісімшартқа тұрды. Келісімшарт 4,5 жылға есептелген және 2015 жылдың 1-ші қаңтардан бастап іске асты.

  • Титулдық демеуші[2]:
    • Ziggo — елдегі ең үлкен кабельді операторлардың бірі;
    • Adidas — спорттық киімді және аяқ қиімді өндіруше, неміс концерні
  • Серіктестер[3]:
    • ABN AMRO — елдегі ең ірі банкетрдің бірі;
    • Anheuser-Busch InBev — сыра жасаушы компания;
    • Huawei — қытайлық ең ірі телекоммуникациялық компаниялардың бірі;
    • Cheng Shin Tire — тайваньдық шина өндіруші компания .
  • Демеушілер[4]:
    • AEGON — елдегі сақтандырушы компаниялардың ішіндегі көшбасшы компания;
    • CSU — ең ірі ұлттық клинингтік компания;
    • Hublot — швейцарлық сағат өндіруші компания;
    • Mercedes-Benz — неміс автоконцерні;
    • Sengled — жарықдиодтармен жарықтандыратын өндіруші;
    • Suitsupply — офицалдық тігінші;
    • Verwelius BV — құрылысшы компания;
    • VriendenLoterij — лотерея.
  • Өнім берушілер[5]:
    • KRAS — туроператор;
    • Groenhof Optiek — көзілдірік мен оптиканың өнім берушісі;
    • Stern Groep — автокөлікті жалға алу;
    • Muller Visual — полиграфияның өнім берушісі;
    • Herbalife — американдық азықтық компаниясы;
    • Gatorade — салқын сусындар;
    • ABAX — ақпараттық құралдар және қызметтер;
  • Медиа-серіктестер[6]:
    • De Telegraaf — Нидерландтағы ең ірі күнделікті газет шығарушы компания;
    • LeSports — спорттық телеарна;
    • Radio Veronica — ақпараттық-музыкалық радиостанция;

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Бірінші класс (1955-ші жылға дейін) / Жоғарғы Дивизион (1956-дан кейін):
    • Чемпион (36, рекорд): 1917/18, 1918/19, 1930/31, 1931/32, 1933/34, 1936/37, 1938/39, 1946/47, 1956/57, 1959/60, 1965/66, 1966/67, 1967/68, 1969/70, 1971/72, 1972/73, 1976/77, 1978/79, 1979/80, 1981/82, 1982/83, 1984/85, 1989/90, 1993/94, 1994/95, 1995/96, 1997/98, 2001/02, 2003/04, 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2018/19, 2020/21, 2021/22
  • Нидерланд Кубогы:
    • Кубок Иегері (19, рекорд): 1916/17, 1942/43, 1960/61, 1966/67, 1969/70, 1970/71, 1971/72, 1978/79, 1982/83, 1985/86, 1986/87, 1992/93, 1997/98, 1998/99, 2001/02, 2005/06, 2006/07, 2009/10, 2018/19
  • Нидерландық Суперкубок:
    • Суперкубок иегері (8): 1993, 1994, 1995, 2002, 2005, 2006, 2007, 2013
    • Финалисті (8): 1996, 1998, 1999, 2004, 2010, 2011, 2012, 2014

Еуропалық титул

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рекордшы Ойыншылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Алтын Доп» Иегерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Келесі футболшылар «Аякс» сатында өнер көрсетіп, «Алтын Допты» жеңді. :

«Алтын бутса» Иегерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Келесі футболшылар «Аякс» сатында өнер көрсетіп, «Алтын Бутсаны», жеңді :

Еуропа Чемпиондары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Келесілер "Аякстың" футболшылары болып, Еуропа Чемпиондары болды:

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Het Stadion..
  2. Hoofdsponsor.  (нид.). ajax.nl. Тексерілді, 7 тамыз 2016.
  3. Partners.  (нид.). ajax.nl. Тексерілді, 7 тамыз 2016.
  4. Sponsors.  (нид.). ajax.nl. Тексерілді, 7 тамыз 2016.
  5. Suppliers.  (нид.). ajax.nl. Тексерілді, 7 тамыз 2016.
  6. Media partners.  (нид.). ajax.nl. Тексерілді, 7 тамыз 2016.