Ашық грунт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ашық грунт – ерте көктемде, кейде күздігүні суыққа төзімді сәбіз, ақжелек сияқты дақылдар егілетін жер. Ал жылылық ұнататын дақылдардың тұқымы (қияр, асқабақ) көктемдегі суыққа ұрынбас үшін кешірек егіледі. Көшеттік дақылдарды отырғызу мерзімі, олардың суыққа төзімділігіне байланысты: қар кетісімен капуста, тарна, қызылша, баклажан; суық ұру кезеңі аяқталғаннан кейін қияр, асқабақ, кәді көшеттері отырғызылады. Күздігүні жылыжайға отырғызу үшін ашық грунттан қызанақ, ақжелек, пияз; парниктерде жетілдіріп өсіру үшін гүлді капуста алынады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]