Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов (8.5.1924, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылы - 5.5.1986, Орал қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, минометші, қатардағы жауынгер. Қазақ.

1943 жылдан 4-Украина майданы 51-армия 116-қорғаныс полкі 167-жеке пулемет-артиллериялық батальон құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Мелитополь қаласын (Украина) азат етуде Xұсайынов жаудың 40-қа жуық әскерін жойған. Осы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1.11.1943). Соғыстан кейін Xұсайынов ҚазПИ-ді (қазіргі Қаз¥ПУ) бітірді. 1949- 72 жылы халық ағарту саласында жұмыс істеді. 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы (кейіннен Жалпақтал ауданы) атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Есте қалдыру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орда атындағы мектепке Хұсайыновтың есімі берілген.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х