Аффикс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Аффикс ( лат. affixus - жалғанған )— қосымша, түбірге жалғанып, грамматикалық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші морфема. Аффикс сөз құрамын морфологиялық жағынан жіктегенде ажыратылады (Ф. Фортунатов). Түбір морфемалардай емес, жеке тілдің аффикстері морфелардың жабық тобына жатады, оларды тізімдеп есепке алуға болады. Аффикс морфологияның міндетті бөлігі ретінде тілдің парадигмаларын жасайды. Аффикстің тілдің дербес бірлікгері ретіндегі формалдык, мазмұндық сипаттары мыналар:

  • 1) Аффикстің фонологиялық бейнесі әдетте дауысты, дауыссыз фонемалардан жасалған шағын фонемалык жүйе түрінде көрінетіні;
  • 2) деривациялық процесте aффикс құрамынын өзгеру/өзгермеу сипаты (осыдан агглютинатив және фузиялықтілдердін қарама-қарсылығы туады);
  • 3) Аффикстің түбірге қатысты орналасу тәртібі және оны өзгертуге болмайтыны (агглютинатив тілдерде орын тәртібі қатан сақталатыны);
  • 4) Аффикс бір мағыналық/көп мағыналық, синкреттік сипаты болатыны;
  • 5) Аффикстің өздері қатысты сөздерге тіркесуінін шексіздігі (бұл — аффикстің өңімділігін тудырады).

Аффикс косылу процесі (аффиксация) көптеген тілдердің морфологиясы мен сөзжасамында маңызды орын алады. Осыған байланысты тілдердің типологиясы жасалады.

Аффикс түбірге қатысына карай бірнеше түрге бөлінеді: приставка, префикс—түбір алдынан қосылатын аффикс (приходишь, заходить, беймәлім); инфикс — түбірдің ортасында косылатын аффикс ( ағылш. stand'"стоить"—stood"стоял" ); интерфикс — екі түбірді жалғастыратын аффикс (фонология); конфикс-префикс пен постфикстін комбинациясынан жасалған аффикс (бейқамдық);постфикс:

  • а) сөз соңынан қосылатын сөзжасам қосымшасы — суффикс (жылқы-іиы) және
  • ә) сөз соңынан қосылатын жалғау — флексия (балаға, баланың).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
  2. a b Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9