Африкалық одақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Map of the African Union with suspended states highlighted in light green.

Африкалық одақ (АО) - [African Union, AU] - Африка елдерінің мемлекетаралық бірлестігі. 2002 жылдың 9 шілдесінде Дурбанда (ОАР) 1963 жылы Африкадағы даму мен әріптестік мәселелерін үйлестірген Африка бірлігі үйымының қайта құрылуы нәтижесінде пайда болды. АО құрамына 53 ел кіреді. Одақ қызметінің негізгі бағыты - құрлықтың экономикалық және саяси қайта өрлеуі мүддесінде Африкадағы ықпалдасу процестерін дамыту. ¥йым мақсаты - мүше-мемлекеттердің еге- мендігін және аумақтық тұтастығын сақтау, демократиялық институттарды қалыптастыру, бейбітшілік пен түрақ- тылықты нығайту, ғаламдық экономи- кадағы Африканың лайықты орнын қам- тамасыз ету. Африкалық одақ шеңберінде валюта- қаржылық саясат үйлестіріліп, қауіпсіздік саласы мен СПИД-пен күресте бірлесе әрекет етеді. Аймақтық және халықаралық деңгейде Африка экономикасына шетел капиталын тартуға бағытталған "Африканың дамуы үшін жа- ңа әріптестік бағдарламасы" (NEPAD) стратегиялық негіз болып табылады. Африкалық одақ жоғарғы органдары - жыл сайынғы Саммит-ассамблея, мүше-мемлекеттердің премьер-министрлері кіретін Атқарушы кеңес. Мүше-мемлекеттердің түрақты өкілдерінен түратын комитет қызмет етеді. Штаб-пәтері Аддис-Абебте орналасқан. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Африка одағы