Африкалықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Африкапіл, арыстан, керік, зебра, тағы басқа көптеген жабайы аңдар мекендейтін үлкен құрлық. Ол жерде, негізінен, зәңгілер, яғни қара нәсілді адамдар тұрады. Африка – ежелгі адамдардың мекені болған құрлық. Алғашқы адамдар алдымен осы аумаққа қоныстанған. Мұнда түрлі тайпалық одақтар тіршілік етеді, олардың ертеден келе жатқан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы бар. Африкада адамды құл етіп ұстап, оны сату, сатып алу дәстүрі болды. Мұны тарихта «құл иеленушілік» кезеңі деп атаймыз. Бұл үрдіс бірнеше ғасырға ұласты. Құлдар қабілетіне қарай әскер, қызметші, қолөнерші, тәрбиешілердің міндетін атқарды. Оларды, тіпті, құрбандыққа да шалды. Африка тұрғындары сауатты болған, жазу-сызу өнерін меңгерген. Оған Ежелгі Египет мұралары дәлел бола алады. Бұл құрлықта ауылшаруашылығы мен металл өндіру ісі де жақсы дамыды. Ежелгі Египет сияқты мемлекеттер де Африкада қалыптасты. Финикиялықтар, гректер мен римдіктер сауда жа сауды меңгерген соң, солтүстікке қарай көшті. Арабтар дүниежүзіне ислам дінін таратты. Осы кезде бұл өлкедегі байырғы тұрғындардың түрлі тайпалары әртүрлі мәдениеттің ықпалында болды. Кейін Еуропалықтар құрлықтағы жерлерді жеке-жеке бөліп алып, өздерінің колониясына айналдырды.


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫ. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-448-1