Ауыл шаруашылығы экономикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ауыл шаруашылығы экономикасыэкономика ғылымының ауыл шаруашылығындағы өндірістік қарым-қатынастарды зерттейтін саласы. Қазақстанда ауыл шаруашылығымен 50 мыңнан астам фермерлік шаруашылық, 8 мыңдай ауыл шаруашылығы кооперативтері, 500 акцион. қоғам және 50-ден астам ұжымшар айналысады (1997). Осындай шаруашылық құрылымы аймақтық ерекшеліктерді жүйелеуді, өндіріс көлемін анықтауды, шоғырландыру дәрежесін белгілеуді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды, экономикалық көрсеткіштерді саралауды, ғылыми нәтижелер мен озық тәжірибелерді талдауды, теориялық-практикалық мәселелерді шешуді қажет етеді. Нарықтық экономика қатынастардың дамуы жаңа ауыл шаруашылығы экономикасы ғылымының алдына жаңа міндеттер қойып отыр (мысалы, жерді иеленудегі жеке меншік қатынастар т.б).

Қазақстанда ауыл шаруашылығы экономикасын зерттеу жұмыстары жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]