Ат қора

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ат қора (орыс. конюшня) - жылқы күтетін орын. Ат қораның еліміздің әр аймағының ерекшелігін ескерген, бірнеше қалыпты жобасы бар. Әр шаруашылық қора саларда жергілікті ауа-райын, өсіретін жылқы тұқымының ерекшеліктерін ескеріп, осы жобалардың лайықтысын пайдаланады. Ат қора су жинамайтын биіктеу, құрғақ жерге салынады. Қораның биіктігі, әр жылқыға қажетті орын аумағы, қора ішін бөлу тәртібі өсіріп отырған жылқының тұқымына, өнім бағытына, жасына қарай әр түрлі болады. Ат қораның жанында, не ішінде жем, ер-тұрман, жегу әбзелін сақтайтын қоймалар болады. Асыл тұқымды жылқылар қорадағы жеке-жеке үйшіктерде ұсталады, ал саяқтарды топ-тобымен бос қамайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2