Атыс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Атыс ұрыс тәсілі, жауды жоятын немесе әлсірететін негізгі әрекет. Көшпелі халықтардың ертеден қалыптасқан ұрыс тәсілдері бойынша майдандағы шайқас алдымен садақпен, кейін мылтықпен алыс қашықтықтан атыспен басталған. Атысты арнайы құралған садақшылар қосындары жүргізеді. Атыстың мақсаты — жаудың әскерін, аттарын құрту, шебін бұзу. Садақты ат үстінде тартатын көшпелі елдер әскерінің мергендері атыс кезінде жауды көп шығынға ұшыратқан. Кейде майдан алдындағы батырлар жекпе-жегі де атыс түрінде өтуі мүмкін. Онда батырлар кезекпен атысады да, кезек жасы, жолы үлкенге беріледі, ал екінші адам оққа қасқайып қарсы тұру керек.[1] Сондықтан жекпе-жек атыс асқан батырлықты, жүректілікті қажет етеді. Батырлардың жекпе-жекте атысуы қазақтың эпостық жырларында жиі суреттеледі. Мылтық пен оқ-дәрінің пайда болуына байланысты атыс негізгі ұрыс тәсіліне айналды. Әскери өнерде атыс жүргізу әдістері жан-жақты негізделген.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
  2. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х