Аткаштан тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Hippocastanaceae
Aesculus × carnea in flower.
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Eudicots
(unranked) Rosids
Сабы: Sapindales
Тұқымдасы: Hippocastanaceae
DC.
Genera

Aesculus
Billia
Handeliodendron

Аткаштан тұқымдасы (Hіppocastanacеae) — көп жылдық ағашты өсімдіктер. Қазақстанда Күнгей, Іле Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Аткаштан тұқымдасының Аткаштан (Aesculus) туысы, оның бір ғана түрі — кәдімгі Аткаштан (A. hіppocastanum) бар. Биіктігі 30 м-дей, жуан діңі шеңбер не пирамида тәріздес, қабығы қоңырлау сұр келеді. Саусақ салалы жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Тостағанша, күлте жапырақтары, аталығы бес-бестен, ал аналығы біреу және ол 3 жеміс жапырағынан тұрады. Гүлі алғашқы кезде сары болады, кейін оған қызғылт дақ түседі. Сәуір — мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек — қазанда жеміс береді. Жемісі — 3 тұқымды қауашақ. Аткаштан тұқымдасы — саябақтарда, көшелерде сән ағашы ретінде өсіріледі. Тұқымы мал азығына пайдаланылады. Оның қабығында илік заттар бар. Сүрегі жеңіл, ағаш бұйымдарын жасау үшін қолданылады.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы I том