Аспа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Аспа — рессорланған және рессорланбаған массалардың арасында серпінді байланысты қамтамасыз ететін, көліктік құрал қондырғыларының жиынтығы.[1]

  • Теңгергіш аспа – құрамына теңестіруші иінтірек енетін көлік құралының екі көршілес өстердің доңғалақтарының тәуелді аспасы.
  • Гидропневматикалық аспа – қысылған газ және серпінді элемент онымен әрекеттесетін сұйықтық табылатын, қысымы реттеле алатын көліктің құрал доңғалағының аспасы болып табылады.
  • Қозғағыштың аспасы – қозғалтқышты қозғағыш автомобиль шанағымен немесе рамасымен серіппелі жалғануын қамтамасыз ететін аспа.
  • Диагональды-иінді аспа – көлік құралы доңғалағының көлденең және ұзыннан екі жазықта ауысып отыратын тәуелсіз аспасы.
  • Тәуелді аспа – берілген осьтің бір доңғалағының орнынан жылжуы осы осьтегі екінші доңғалактың жылжуын тудыратын аспа.
  • Артқы аспа – көлік құралының артқы доңғалағы немесе артқы арбашық белдігінің аспасы.
  • Кабина аспасы – көлік құралының кабинасына жолдың тегіс еместігінен берілетін дірілді азайтатын аспа.
  • Каток аспасы – шынжыр табанның тірек тығыздағыштары трактор акңкасымен теңгергіш тәрізді жеке және жұпты серпінді элементтер арқылы жалғануы.
  • Доңғалақ аспасы – көлік құралының көтергіш жүйесінің доңғалақпен серпінді жалғануы.
  • Тәуелсіз аспа – берілген осьтегі бір доңғалақтың орнынан жылжуы осы осьтегі келесі доңғалақтың жылжуына байланысты болмайтын аспа.
  • Алдыңғы аспа – алдыңғы доңғалақ аспасы.
  • Пневматикалық аспа – серпінді элементтерде қысылған газ, әдетте ауа қолданылатын көлік құралы доңғалағының аспа.
  • Көлденең иінді аспа – доңғалақтың тек көлденең жазықтықта орналасқаан тәуелсіз аспасы.

Бойлай орналасқан иінді аспа – доңғалақтың арнасын өзгеертпей, жазықтықта тек бойлай орналасқан тәуелсіз аспасы.

  • Серіппелі аспа – серпінді элементі болып табақты серіппегіш табылатын көлік доңғалағының аспасы.
  • Серіппелі темір аспа – серпінді элементі табақты серіппегіш болып табылатын көлік доңғалағының аспасы.
  • Иінді аспа – әдетте, бір немесе екі рычагтан тұратын көлік доңғалағының бағыттаушы құрылғысы.
  • Иінді-телескопты аспа – бағыттаушы құрылғысы телескопты тербелмелі тағаннан (оның қызметін бәсендеткіш атқара алады), көлденең рычагтан, қызметін келденең жатқан тұрақтандырғыш атқаратын бойлай жатқан рычагтан тұратын көліктік құрал доңғалағының аспасы.
  • Телескопты аспа – көлік құралы доңғалағының бағытгаушы құрылғысы телескопты болып келген аспасы, бұл доңғалакка тек осы құрылғы осі бойымен гана айналуға мұмкіндік береді.
  • Торсионды аспа – серпінді элементі торсион болып табылатын көлік доңғалағының аспасы.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
  2. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.