Арқанкерген оқиғасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Арқанкерген оқиғасы - 2012 жылдың 31 мамыр күні Қазақстан Республикасының Алматы облысының Алакөл ауданындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде болған оқиға. "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Қазақстан-Қытай шекарасында" "Сары бөктер" заставасында 14 шекарашының және бір қорықшының мәйіті табылды, заставадағы "Арқанкерген" постының ғимараты өртеп жіберілген. Аман қалған 15-нші шекарашы сарбаз Владислав Челах шекара бекетінен 20 шақырым жерде орналасқан қыстаудан табылды. В.Челах тергеу жұмысы барысында басты күдікті ретінде қарастылып, қамауға алынды [1] Оқиға бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Шекара бекеті туралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арқанкерген шекара бекеті - Алматы облысының Алакөл ауданындағы "Шығыс" аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының "Қазақстан-Қытай шекарасында" "Сары бөктер" заставасына қарайтын уақытша бекет. Бекет негізінен жазғы уақытта қызмет етіп, қыс күндері бос тұрады. Негізгі мақсаты - жазғы мезгілде шекарадан өтіп, әртүрлі дәрілерге қажетті шөптерді жинайтын ҚХР азаматтарына тосқауыл қою.

Арқанкерген бекетінің негізгі құрамы 15 адамнан тұрады. Соның шінде 1 офицер, 3 келісімшартпен қызмет ететін сарбаз және 11 қатардағы сарбаздар болатын[2].

Оқиға хронологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

31 мамыр күні КазТАГ агенттігі Арқанкерген шекара бекетінде 15 шекарашы сарбаздың өлі денесі табылды деп хабарлады. Бірнеше сағаттан кейін ҰҚК Шекара қызметі 13 сарбаздың өлі денесі табылды деген хабар таратты[3]. Астанада өткен брифинг кезінде Шекара қызметі директорныңы орынбасары Турганбек Стамбеков 13 адамның, соның ішінде көрші егердің өртенген мәйіті табылды деп мәлім етті. ҰҚК Төрағасының орынбасары Госман Амрин егердің денесі өз үйінде табылды деп хабарлады.

5 маусым - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен шекарашылардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.

Тергеу жұмыстары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сыртқы медиафайлдар
Владислав Челахтың тергеу брысында берен куәлігі.

Шекарашылар тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі «Арқанкерген» бекетінде қызмет еткен 15 шекарашының толық аты-жөнін жариялады[4].

Аты-жөні Туған жылы Қызметі Туған жері
1. Кереев Алтынбек Құтжанұлы 1984 уақытша бекеттің бастығы, капитан. Батыс Қазақстан облысы
2. Ақышов Ерлан Ерғалиұлы 1988 келісімшарт қызметінің кіші сержанты Алматы облысы
3. Ақылбаев Рүстем Бағдатұлы 1991 келісімшарт қызметінің қатардағы сарбазы Алматы облысы
4. Сәрсембаев Талғат Амангелдіұлы 1984 келісімшарт қызметінің қатардағы сарбазы Алматы облысы
5. Ағанас Қамбар Асқарұлы 1991 қатардағы сарбаз Ақтөбе облысы
6. Әмірғалиев Бекзат Абатұлы 1989 қатардағы сарбаз Атырау облысы
7. Балғабаев Данияр Ғарифоллаұлы 1992 қатардағы сарбаз Атырау облысы
8. Ілиясов Жанат Қанатұлы 1992 қатардағы сарбаз Жамбыл облысы
9. Именов Мейірхан Сағындықұлы 1992 қатардағы сарбаз Атырау облысы
10. Мақсатов Әли Ізтұрғанұлы 1992 қатардағы сарбаз Ақтөбе облысы
11. Мұқашев Нұрланбек Қуатбекұлы 1991 қатардағы сарбаз Қарағанды облысы
12. Рей Денис Викторович 1993 қатардағы сарбаз Павлодар облысы
13. Сағынғалиев Жеңіс Дәулетұлы 1990 қатардағы сарбаз Атырау облысы
14. Үсіпәлиев Нұржас Дүйсембайұлы 1991 қатардағы сарбаз Жамбыл облысы
15. Челах Владислав Валерьевич 1992 қатардағы сарбаз Қарағанды облысы

Қоғам реакциясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

14 маусым күні Арқанкерген оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын бақылау комитеті құрылды. Комитет мүшелері:

  • Болат Атабаев – Қоғамдық комитеттің жетекшісі, режиссер
  • Бахыт Туменова – "Аман-саулық" қоғамдық қорының Президенті
  • Марианна Гурина– "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының жетекшісі
  • Зульфия Байсакова - Қазақстан кризистік орталықтар қауымдастығының жетекшісі
  • Георгий Архангельский– "Құқыққорғау ұйымдары қауымдастығы" ЗТҚ атқарушы хатшысы
  • Сергей Уткин– заңгер
  • Евгений Жовтис – заңгер
  • Сергей Дуванов – тәуелсіз журналист
  • Николай Креминиш– КСРО Батыры, ауған соғысының ардагері

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан-Қытай шекарасында 12 шекарашының мәйіті табылды
  2. Шекара заставасында 13 адамның денесі табылғаны расталды Мұрағатталған 20 маусымның 2012 жылы.
  3. Убийство пограничников. Факты и версии Мұрағатталған 10 маусымның 2012 жылы.
  4. ҰҚК «Арқанкерген» шекара бекетінде әскери қызметін өтегендердің толық тізімін таратты