Арынғазы Қайсақанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Арынғазы Қайсақанов (1912 жыл, Семей губерниясы, Көкен ауылы (бұрынғы Жаңа Семей ауданы - 7.03.1976) – экономист, партия кеңес қызметкері. Уақ тайпасынан шыққан.[1]


БК (б)П ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген (1949). Еңбек жолдары: Семей облыстық мал шаруашылығы басқармасы қаржы-өндіріс бөлімінің бастығы (1935), Алматыда мемлекеттік жоспарлау комитетінде экономист (1935 – 37), есеп-санақ комитетінде экономист (1937 – 39), Жамбыл облыстық есеп-санақ мекемесінің бастығы (1939 – 41), Жамбыл облаткомы төрағасының орынбасары (1941 – 44), Жамбыл облыстық парткомы хатшысының орынбасары (1944 – 46), Жамбыл облаткомы төрағасының орынбасары (1946), Қарағанды облаткомы төрағасының орынбасары (1949 – 50), Қызылорда облаткомының төрағасы (1950 – 53), ҚКП ОК-нде жауапты ұйымдастырушы, Алматы облысы, Қаскелең аудандық парткомының 1-хатшысы (1953 – 57), Гурьев (Атырау) облаткомының төрағасы, Семей облаткомы төрағасының орынбасары (1957 – 73).

Бүкілодақтық, республикалық партия съездеріне бірнеше мәрте делегат болып қатысты, Жоғарғы Кеңеске (3,5 шақырылмдарына) депутат болып сайланды.

3 мәрте Ленин орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Дәйкенов Темірболат = Уақ шежіресі / Омаров Асан, Смайылов Ермұханбет — 2. — Астана: Фолиант, 2021. — 992 б. — 1000 таралым. — ISBN 978-601-338-848-9.
  2. Қазақ энциклопедиясы