Арнольд Цвейг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Арнольд Цвейг
Арнольд Цвейг
Туған күні

10 қараша 1887 (1887-11-10)

Туған жері

Глогау, Германия

Қайтыс болған күні

28 қараша 1968 (1968-11-28) (81 жас)

Қайтыс болған жері

Берлин, Германия (ГДР)

Азаматтығы

Германия

Цвейг Арнольд (10.11.1887,Польша-26.11.1968, Берлин)- неміс жазушысы, ГДР-дің қоғам қайраткері. Қолөнершінің баласы, филология,тарих,философия,психология, өнер тарихын зерттеген.Шығармалары 1909 жылдан бастап жарияланды. 1915 жылы ол армия қатарына шақырылды.1-дүн. жүз. Соғыс оның шығармашылығына терең әсер етті.1918 жылдан кейінгі шығармаларында ол қарапайым адамдар өмірін көрсетіге ден қойды. Оның есімін танытқан- 1927 жылы жарияланған «Унтер Гришаның трагедиясы» ( орыс тілінде, 1928) романы.1933 жылдан эмиграцияда болды. Советтік Рессейге көмектесі лигасын құрушылардың бірі және оның президенті болды. 1948 жылы Берлинге қайта оралды.Германия Өнер академиясының президенті, ГДР Халық палатасының депутаты (1949-1967), дүние жүзіндегі Бейбітшілік Советінің мүшесі. Ол 1952 жылы ұлттық сыйлық, 1958 жылы «Халықтар арасында бейбітшілікті нығайтқаны үшін» Халықар. Лениндік сыйлық алды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы 12 том