Армияның шабуыл операциясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Армияның шабуыл операциясы — жалпы әскери (танктік) армия әскерлерінің мақсаттары, тапсырмалары, орындары және уакыттары бойынша келісілген бірыңғай мәніспен және жоспармен қарсыластың қарсы тұрған топтастығын талқандау және оперативтік маңызы бар аудандарды (объектілерді) алу мақсатында жүргізетін ұрыстарының, соққылары мен маневрлерінің жиынтығы. Әдетте шабуыл операциясының барысында майданның басқа армияларымен, күштерімен және құралдарымен, ал теңіз жағалауындағы бағыттарда флот күштерімен өзара бірлікте жүргізіледі. Жеке операциялық бағыттарда армия операцияны өз бетімен жүргізуі мүмкін. Армияның шабуыл операциясына 1-ші және 2-ші эшелондағы әскерлердің, ракеталық әскерлердің және артиллерияның, авиацияның, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қол астындағы арнайы әскелердің және армиялық резервтердің ұрыстық іс-орекеггері кіреді. Армияның шабуыл операциясын жүргізу карсыласты атыспен жоюдан, оның әуе соққыларына тойтарыс беруден, әскерлердің корғанысты бұзып өтудегі, шабуылды дамытудағы, қарсыластың күші мен құралдарын жоюдағы және әскердің тағайындалған аудандарды (шептері) алудағы іс-әрекетгерінен тұрады. Армияның шабуыл операциясының барысында немесе аяғында армияға, әдетге, келесі операцияға тапсырма беріледі.[1]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл