Арканзас (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Арканзас деген бетті қараңыз.
Арканзас
ағылш. Arkansas River
Сипаттамасы
Ұзындығы 2364 км
Су алабының
ауданы
505000 км²
Өзендердің
су алабы
Миссисипи
Су ағысы
Бастауы Колорадо штатындағы шатқалдар
 • Координаттары 39°15′30″ с. е. 106°20′38″ б. б. / 39.25833° с. е. 106.34389° б. б. / 39.25833; -106.34389 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Миссисипи
 • Координаттары 33°46′30″ с. е. 91°06′10″ ш. б. / 33.77500° с. е. 91.10278° ш. б. / 33.77500; 91.10278 (G) (O) (Я)Координаттар: 33°46′30″ с. е. 91°06′10″ ш. б. / 33.77500° с. е. 91.10278° ш. б. / 33.77500; 91.10278 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел АҚШ
Аймақ Оклахома, Арканзас штаттары
Ортаққордағы санаты: Арканзас

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арканзас АҚШ-тың Оклахома, Арканзас штаттары аумағындағы өзен, Миссисипи өз-нің оң жақ саласы. Ұзындығы 2410 км. Су жинау алабының ауданы 470000 км².

Таулардан бастау алады және жоғарғы ағысында тар әрі терең шатқалдармен (Ройял-Гордж, Гранд-Каньон және т.б.) буырқана ағып келіп, батыстан шығысқа қарай Ұлы және Орталық жазықтарды бойлай ағады.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арнасы өте тұрақсыз, аса күшті су тасқындарынан кейін бағытын жылдам өзгертіп отырады. Жылдық орташа су ағынының мөлш. 1800 м3/сек шамасында. Көктемде еріген қар мен жауған жаңбыр суларымен толысады. Жоғарғы ағысында мұз қатады. Су деңгейінің өзгерісі Литл-Рок қ-ның тұсында 8-8,5 метрге жетеді. Аса ірі су тасу және тасқын кездерінде үлкен аймаққа жайылады. Охлахома-Сити қаласынан Миссисипи өзеніне дейінгі (1000 км) кеме жүзе алады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]