Арасанбай Естен
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Арасанбай Естен - 1953 жылы 18 желтоқсанда Құлжа қаласында дүниеге келген.
- 1956 жылы атамекені — Қазақстанға оралады.
- 1970 жылы Арасан орта мектебін бітіргеннен кейін үжымшарда құрылысшы, аудандық газетте корректордың көмекшісі болып жұмыс істейді.
- 1980 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Қапал аудандық «Қапал еңбеккері» газетінде аудармашы, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор қызметтерін атқарған.
- 2002 жылдан ЖШС «Баянжүрек» баспасының директоры.
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғашқы повесі «Шырғалаң» 1982 жылы «Таң нұры» атты ұжымдық жинақта («Жалын») жарық көрген. Республикалық «Жалын» баспасы өткізген жабық бәйгелердің үш мәрте (1977, 1986, 1995), «Астана — Бәйтерек», Халықаралық «Дарабоз» конкурстарының бірнеше дүркін жүлдегері. «Наурыз тойы», «Үйленутойы», «Жігіттің үш жұрты» жинақтарын қүрастырған.
- Ауыл таңы. Повесть және әңгімелер. А., «Жалын», 1985;
- Баянжурек баурайында. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1987;
- Тасжарған ерте көктейді. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1991;
- Айжаңғырық. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1996;
- Әліппемен қоштасу. Өлең, жұмбақ, жаңылтпаштар. А., «Рауан», 1997;
- Мектептегі мейрамдар. Сценарийлер. А., РБК, 2000;
- «Жансауға». Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 2002;
- Жеті сан киелі. Өлеңдер. «Олжас», 2003;
- Періштелер патшалығы. Әңгімелер мен повестер. «Баянжұрек», 2009.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |