Аралас экономика

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Аралас экономика — экономиканың мемлекеттік, кооперативтік жеке меншік нысандарына негізделген шаруашылықты жүргізу жүйесі. Әлемде Аралас экономиканың бірнеше типі қалыптасқан:

  1. өнеркәсібі дамыған АҚШ, Ұлыбритания, ФРГ, Жапония, Франция сияқты елдер постиндустриалдық Аралас экономикаға ауысуда;
  2. Шығыс Еуропа және ТМД елдері мемл. қоғамдық құрылыстан постсоциалистік аралас қоғамға ауысуда. Бұл елдердегі түрлі нұсқадағы нарықтық экономикаға ауысу оның даму дәрежесін әр түрлі қалыптастырып отыр;
  3. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жаңа индустриялық Аралас экономиканың даму процесі жүруде және олардағы капитал нарығында мемл. бақылаудың икемді формалары, өнеркәсіптің жаңа салалары дамып өркендеуде;
  4. Үндістандағы нарықтық өзгерістер Аралас экономикада өзіндік ұлттық ерекшеліктер болатындығын көрсетті. Бұл елде инвестициялық жоспарлау мен оны ұтымды орналастыру арқылы мемл. меншіктің алуан түрлі нысандары пайда болуда. Бірақ капитал нарығы мен мемл. кәсіпорындар бәсекелестігінің нашар дамуы ойдағыдай тиімділікке жеткізе қойған жоқ.
  5. Латын Америкасы елдерінде жекешелендіру қарқынына қарамастан мемлекеттік экономикаға араласуы, макротұрақтандыру тиімділігін өсіріп, белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үстемдік алуда.

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына негізделіп, олардың өзара қарым-қатынасы мен ықпалдасуына негізделеді. Елдің әлеум.-экон. дамуын жеке меншік пен мемлекеттік меншік арасындағы қарым-қатынас, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процестері жеделдетеді. Дамыған елдерде көп нысанды Аралас экономика сипаты басым және онда жеке меншік, мемлекеттік меншік нысандарымен қатар муниципиалдық, кооперативтік, жалгерлік меншік түрлері де дамыған. Аталған Аралас экономика түрлері аймақтық, ұлттық және жергілікті жағдайларды, халықтың әр түрлі әлеум. топтарының мүмкіндіктері мен мүдделерін ескеру үшін аса маңызды. Мұндай меншік түрлерінің Қазақстанда қалыптасып дамуы ел ерекшеліктері мен үрдістеріне сай нарықтық экономиканы байытып, оның икемділігін бірте-бірте арттыруда.Қазақстанда жарғылық капиталы біріккен кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар да бар. Соның әсерінен шетелдік және мемлекетаралық меншік түрлері дамуда. Аралас экономиканың басты мақсаты — өндіріс пен байналыс жүйесінде, ғылыми-техникалық, инвестициялық және сервистік салаларда дүние жүзі қауымдастық құрылымына ену. Аралас экономиканың экономикалық стратегиясына кәсіпкерлік пен жеке адамдардың еңбек белсенділігін арттыру және ынталандыру жатады. Қазақстан үшін басты стратегиялық бағытқа ел Президенті Н. НазарбаевтыңҚазақстан — 2030” Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей,

“Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің жағдайымыз ашық экономика мен еркін сауда құруды талап етеді. Тұйықтық пен өз рыногын оқшаулау әрекетінен гөрі мұндай саясат елдер мен құрлықтар арасын әлдеқайда жылдам жалғайды”

Аралас экономика құрамындағы меншік иелері қызметін өзі орналасқан, елдің заңдары мен нормативті құжаттарына сәйкес жүргізеді.[1][2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Назарбаев Н., Қазақстан — 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А., 1997
  2. Смешанная экономика: трансформационная модель развития Казахстана, А., 1997.
  3. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2