Антарктикалық климат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Антарктикалық климат — Оңтүстік жарты шардағы поляр облысының климаты. Бұл жер шарындағы ең суық климат. Антарктика жағаларындағы ең жылы айдың орта температурасы 0° төмен, ал суығы —20°, —30° болып келеді. Мұндағы байқалған төменгі температура —50°, —60°. Ал Антарктиданың ішкі аудандарына қарай температура —80°-қа дейін жетеді.

АНТАРКТИКАЛЫҚ КЛИМАТ - материк үстінде тым қатаңдығымен (қыста ауа температурасы — 60°—70°С және одан да төмен, жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден де аз) және ауа райының антициклондық режімінің басымдылығымен ерекшеленетін Антарктида мен оған таяу мұхит кеңістіктерінің климаты. Жағалық беткейлерде жауын-шашын көбірек болады да, желдің ағыны күшейеді. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6