Андрей Николаевич Никишов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Андрей Николаевич Никишов 1969 жылы 21 шілдеде Целиноград облысы Целиноград ауданы Киров атындағы кеңшарда туған. Чуваш. Целиноград ауылшаруашылық институтын (1992) мал дәрігері мамандығы бойынша; Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін (2007) бітірген, мемлекеттік басқару бакалаврі. Ветеринарлық ғылымдар кандидаты. 1990 жылдан - «Прима» кооперативтік ғылыми-өндірістік бірлестінің №42 филиалының ветөринарлық санитары (Целиноград қаласы). 1991 жылдан - «АИВЕ» ШЖК директоры (Целиноград қаласы). 1998 жылдан - Целиноград аудандық ветеринарлық стансасы жұқпалы аурулар жөніндегі бастықтың орынбасары. 1998 жылдың қыркүйегінен - Ақмола облысы Ветеринария комитеті ветеринарлық инспекция бөлімінің жетекші маманы. 1998 жылдың желтоқсанынан - Ақмола облысы Ветеринарлық қадағалау басқармасы ветеринарлық инспекция және санитария бөлімінің бастығы, бас мемлекеттік инспектордың орынбасары, 1999 жылдың мамырынан - басқарма бастығының орынбасары. 1999 жылдың қазанынан - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасы ветеринария бөлімінің бастығы - Ақмола облысы бас ветеринарлық инспекторы. 2002 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасы бастығының орын- басары, 2002 жылдың шілдесінен - бастығы. 2004 жылдан -Ақмола облысы Егіндікөл ауданыныңәкімі. 2007 жылдан - Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкімі. 2008 жылдың наурызынан бері - Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімі. «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; Қазақстан Республикасы (1999), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы жүйесіндегі көп жылғы жемісті еңбегі үшін» Құрмет грамоталарымен марапатталған (2001). Қазақстан Республикасы Президентінің алғыстарымен ескерілген (2001, 2005).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2