Андрей Николаевич Бекетов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Андрей Николаевич Бекетов
Туған күні

26 қараша (8 желтоқсан) 1825 (1825-12-08)

Туған жері

Алферьевка селосы, Пенза губерниясы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

1 (14) шілде 1902 (1902-07-14) (76 жас)

Қайтыс болған жері

Шахматово селосы, Мәскеу губерниясы, Ресей империясы

Азаматтығы

 Ресей

Ғылыми аясы

ботаника, ботаникалық география

Жұмыс орны

Санкт-Петербург университеті

Альма-матер

Қазан университеті

Атақты шәкірттері

Андрей Николаевич Краснов, Владимир Иванович Вернадский Иван Фёдорович Шмальгаузен

Андрей Николаевич Бекетов (26 қараша (8 желтоқсан) 1825 — 1 шілде 1902) - орыс ботанигі, педагог, қоғам қайраткері. Александр Александрович Блоктың атасы және Николай Николаевич Бекетовтың ағасы.

1849 ж. Қазан университетін бітірген. 1863-97 ж. Петербург университетінің профессоры, Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1895 ж.). Андрей Николаевич Бекетов - Петербургтегі жаратылыс зерттеушілер қоғамының негізін салушылардың бірі. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктердің жер бетіндегі вегетативтік органдарының құрылысындағы заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол - орыс тілінде тұңғыш рет жазылған "Өсімдіктер географиясы" оқулығының авторы. Алғашқы орыс дарвинисттердің бірі. Ботаника, география ғылымдарының дамуына үлкен үлес қосқан ғалым [1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том, 242 бет
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Andrej Nikolaevich Beketov