Аналитикалық тілдер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Аналитикалық тілдер сөйлем құрамындағы сөздер бірімен бірі өзара шылаулардың көмегімен немесе сөздердің орын тәртібі және интонация арқылы байланысатын тілдер тобы. Дүниедегі тілдер екі жікке бөлінеді: бірі — синтетикалық тілдер, екіншісі — А. т. А. т. тобына ағылшын, француз, дат, болғар, жаңа парсы т.б. тілдер жатады. Дүниедегі тілдер грамматикалық құрылымы жағынан осылайша екі топқа бөлінгенімен, таза аналитик. және таза синтетик. тілдер кездеспейді. Мыс., синтетик. тілдер тобына жататын қазақ тілінің грамматикалық құрылымында А.т-дің нышаны мол кездеседі. Қазақ тіліндегі сөздердің ешбір жалғаудың көмегінсіз, сөйлем құрамындағы орын ыңғайына қарай байланыса алатыны — соның айғағы. Мұндай құбылыс алтын сағат, күміс қасық, азу тіс деген тіркестердегі анықтауыш сөз бен анықталушы сөздің, ақырын жүр, тез кет деген тіркестердегі пысықтауыш пен баяндауыштың өзара ешбір қосымшасыз байланысуынан анық көрінеді. [1]

Аналитикалық тілдер — сөздердін грамматикалық мағыналары синтетикалық тілдердегідей сөз формалары арқылы емес, атауыш сөздердін орын тәртібі, оларға тіркескен көмекші сөздер, интонация арқылы берілетін тілдер. Мысалы: ағылшын, француз, итальян т.б. тілдер. Тілдерді топтастырудың морфологиялық принципімен қатар синтаксистік принципінің қалыптасуы, яғни тілдерді топтастыруда сөздердің тіркесімділігіне сүйену Аналитикалық тілдерді анықтауда маңызды рөл атқарады. Ф. Шлегель, А. Шлейхер, В. Гумбольдт, Дж. X. Гринберг, Э. Сепир т.б. енбектерінде бұл салаға көп көніл белінген. Аналитикалық тілдерге жатқызылып жүрген тілдерге синтетикалық тәсілдер де жат емес. Мысалы, түркі (қазақ) тілдерінде сөзтіркесім тәсілімен жасалған сөз формалары мол кездеседі.

Аналитикалык форма

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аналитикалык форма (гр. 'analytikos' - жіктелген, дараланған, лат. 'forma') — құрамды, күрделі деген ұғымды білдіреді, құрамы негізгі атауыш және көмекші жеке сөздерден тұратын грамматикалық форма. Мұндай формалар аналитикалық морфологияның объектісі болып табылады. Аналитикалық морфология — дербес мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің тіркесімінен жасалған біртұтас морфологиялық категориялар тұдыратын формалар жүйесі ретіндетанылады. Мысалы: айтып көр, айтасал тіркесімдерінен аналитикалық форма жасалып тұр. Етістіктерден баска зат есімдер мен көмекші есімдердін тіркесуінде, сын есімнін күшейтпелі шырайларында аналитикалық сипат бар. Мысалы: ауыл сырты, от басы, ең таңдаулы, аса маңызды дегенде сырты, басы, ең, аса сөздері көмекшілік қызмет атқарып, аналитикалық форма жасап тұр. Аналитикалық форма кем дегенде екі сөзден жасалатындықтан, олардан басқа формалар болатыны ескеріліп, күрделі формалар деп те аталады. "А." термині — Аналитикалық құрылыс, Аналитикалык тілдер т.б. терминдердін құрамында айтылады — "А." терминін А. Ыскаков "сараламалы" деп берген (А. Ыскаков. Қазіргі казактілі. Морфология. А. 1974,255-6.). Ср. Синтетикалық форма. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
  2. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9