Альпілік өсімдіктер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Альпілік өсімдіктер — аласа шөпті "кілемдік" шалғын (астық тұқымдастар, өлең-тұқымдастар және т.б.) және альпілік тау белдеулеріндегі (теңіз деңгейінен 2000—3000 м жоғары) бұталы тоғайлар.[1]

Альпылық өсімдіктер — биік таулы аймақтарда ұшырайтын өсімдіктер. Таудың орман белдеуінен көтеріле келе альпылық өсімдік географиялык ендікке, жергілікті рельеф пен климатқа т. б. жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Альпылық өсімдікке: көп жылдық шөптер мен бұталар жатады, олар ауа райына икемделгіш, жермен жексен болып, тырбиып өседі. Мысалы, Жоңғар, Іле, Күнгей және Теріскей Алатауларында кездесетін альпылық өсімдік мал шаруашылығына қолайлы[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
  2. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев