Алып құмырсқажегіш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Алып құмырсқажегіш

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Mammalia
Ұлы сабы: Xenarthra
Сабы: Pilosa
Кіші сабы: Vermilingua
Тұқымдасы: Myrmecophagidae
Тегі: Myrmecophaga
Linnaeus, 1758 [2]
Түрі: M. tridactyla
Екі-есімді атауы
Myrmecophaga tridactyla
Linnaeus, 1758
Range (blue — extant; orange — possibly extirpated)
Range
(blue — extant; orange — possibly extirpated)

Алып құмырсқажегіш (лат. Myrmecophaga tridactyla) - Myrmecophagidae тұқымдасының Құмырсқажегіштер тегінің биологиялық түрі.

Құмырсқажегіш тропиктік және жалпақ жапырақты ормандарда , шалғынды далада жеке-дара тіршілік етеді. Негізінен, құмырсқалармен, термиттермен қоректенеді.Күніне 30 000-ға жуық жәндік олардың қорегіне айналады.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алып құмырсқажегіштерде ересек кезінде тіс өспейді. Алып құмырсқажегіс - тіссіз жаратылған екі сүтқоретінің бірі. Есесіне,оның тілі өте ұзын болады. Денесінің ұзындығы-110-130см. Басы түтікке ұқсас ұзын әрі жіңішке, көздері жіңішке, кішкентай болады.Салмағы 29 келіден 40 келіге дейін тартады.Құйрығы ұзын жүнін қоса есептегенде шамамен 95см -ге жетеді. Мұрнынан құйрығының ұшына дейінгі жалпы ұзындығы 2,3 м-дей болады.

Алып құмырсқажегіш төрт аяқтап жүргенде тырпылдата басқан дыбыс шығады. Алдыңғы аяғының тырнақтарының ұзындығы-10см-дей, жауынан қорғанар кезде осы тырнақтарын пайдаланады.Тырнақтары жерде жүруге қолайсыз болғандықтан, алдыңғы аяғының сыртымен басады.Артқы аяқтарында бес кішкентай саусағы болады.

Алып құмырсқажегіш бір ғана ұрпақ әкеледі және келгенше оны арқасына салып көтеріп жүреді.

Алып құмырсқажегіш - өте мықты жануар.Оңтүстік Америкада оларды еті үшін аулайды.

Сілекейі жабысқақ болып келетін тілі кеуде тұсынан басталады.Тілін минутына 150 рет шығарып, көзіне көрінген қорегі таусылғанша өте жылдам қимылдайды.Алып құмырсқажегіштер кейде жұмыртқа мен пальма ағашының жемісін өткір тырнағымен шағып та жейді[3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Miranda, F., Bertassoni, A. & Abba, A.M.,2014,14224, Myrmecophaga tridactyla,2014-07-07
  2. Linnæus Carl Systema naturæ per regna tria naturæ, secundum classes, ordines, genera, species, cum characteribus, differentiis, synonymis, locis. Tomus I — 10. — Holmiæ: Laurentius Salvius, 1758. — P. 35.
  3. 1100 қызықты деректер,Жануарлар,Қ.Байғабылова,Алматы.