Алты таспа жалпақ өрім
Алты таспа жалпақ өрім - алтау етіп тілінген таспадан жалпақ айыл тәрізді етіп өрім өру әдісінің атауы. Қайысты алты таспа етіп тіліп алған соң ортасынан бастап өреді. Ол үшін ортадағыларын, атап айтсақ үшінші таспаны төртіншінің үстін бастыра, бірінші таспаның астынан шалып, алтыншы таспаны көлденең бастыра оң жаққа тастай отырып бастайды. Содан соң, төртінші таспаны екінші таспаның үстін бастыра, екінші таспаның астынан шалып, екінші таспаның үстін көлденең бастыра, бірінші таспаның астына келтіріп, сол жаққа қарай өреді .Осындай ретпен қайталап өрбітіп өріп жалғастырады, ұшын таспалап бекітеді. Алты таспадан өрілген осындай жалпақ түрін халық шеберлері алтыбасар деп те атайды. Айыл, жырым түрлері осы тәсілмен өріледі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |