Алтын Қыран ордені
«Алтын Қыран» ордені | |
---|---|
Мемлекет | Қазақстан |
Түрі | Орден |
Жағдайы | беріледі |
Негізделді | 1995 жыл |
Алғашқы иегері | 27 ақпан 1997 жылы |
Барынша ұсынылған | 22 адам |
Төменгі марапаты | «Отан» ордені |
Orders of Golden Eagle Ортаққорда |
«Алтын Қыран» — Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі. Осы орденмен азаматтар Қазақстан Республикасына ерекше мемлекеттік қызметі үшін марапатталады.[1]
«Алтын Қыран» орденімен марапаттауға үміткерлерді Қазақстан Президенті айқындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы бойынша ерекше үлгідегі «Алтын қыран» орденінің иегері атанады.
Сипаттамасы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Орденнің инсигниясы орден тізбегіндегі белгі мен жұлдыздан тұрады.
Орденнің белгісі түп жағында ою-өрнек элементімен аяқталатын алтын жиегі бар көк эмальмен қапталған, ұштары дөңгеленген, кесілген бес бұрышты жұлдыз түріндегі алтыннан жасалған. Жұлдыз сәулелерінің арасында желпуіш тәрізді штралдар бар, олардың орталық бөлігінде төрт гауһар бекітілген. Белгінің ортасында ақ алтын дәндерімен жиектелген шеңберде көк эмаль аясында алтын қыран бейнеленген. Төменде қызыл эмаль лентаның аясындағы шеңберде алтын әріптермен «АЛТЫН ҚЫРАН» деген жазу бар. Қыранның үстінде геометриялық өрнек аясында шеңбер бойымен үш лағыл тас бекітілген.
Марапатталғандар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ағымда «Алтын Қыран» орденімен 7 тұлға марапатталған, соның ішінде:
- Нұрсұлтан Назарбаев
- Ислам Каримов (1997) - Өзбекстан президенті
- Борис Ельцин (1997) - Ресей президенті
- Герхард Шрёдер (2003) - Германия канцлері
- Леонид Кучма - Украина президенті
- Елизавета II - Британия патша ханымы
Галерея[өңдеу | қайнарын өңдеу]
-
«Алтын Қыран» орден жұлдызы
-
«Алтын Қыран» белгі ордені
-
«Алтын қыран» орденінің инсигниясы
-
Кеуде қалыпындағы орден белгісі
-
50 теңгелік шақаның арт жағында орден белгісі бейнеленген
-
50 теңгелік шақаның арт жағында орден жұлдызы бейнеленген
Тағы қараңыз[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]
- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х