Алтындалған жіп
Алтындалған жіп (зерліжіп)- дәстүрлі ортада құнды металл жіп талшықтарымен араластырып жасаған жіп түрінің атауы. Бұл тәсіл шығыс елдерінде мәдени алмасу, технология түрлерін шеттен алып пайдалану арқылы көптеген елдерге ортақ игілікке айналды. Алтындалған жіп жасау үшін ең алдымен алтынды мейлінше жұқартып, таптап алған соң құстың қауырсынын бір-біріне үйкеп, өңдегеннен кейін (электростатикалық кұбылысқа негізделген) алтын пластинканы іліп алады да, оны алмас жүзді өткір кездікпен жіңішке етіп ұзыннан тіледі. Осылайша тілініп дайын болған жұқа алтын пластинка тізбегін жібек жіп талшықтарымен біріктіріп иіріп, алтындалған жіп жасайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |