Алим Ходжаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Алим Ходжаев (07.10.1910,Бұхара, - 14.02.1977,Ташкент) - өзбек кеңес актері, КСРО халық артисі(1959).1945 жылдан КПСС мүшесі.

Бұхараның ағарту институтында оқып жүріп, көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысады. 1951 жылы Мәскеуде режиссерлік курсты бітірді. 1929 жылдан өмірінің соңына дейін Өзбек драма театрының құрамында актер (1975 жылдан директоры), ал 1955 жылдан Өзбекстан театр қоғамының председателі болды. Ол - жағымды және жағымсыз кейіпкерлер рөлінде бірдей өнер толғаған үздік сахна суреткерлерінің бірі. Басты рөлдері:Хамза, Әлішер Науаи(Яшен мен Умаридың және Ұйғын мен Сұлтановтың осы аттас пьесаларында), Гамлет,король Лир (Шекспирдің осы аттас трагедияларында), Паратов (А.Островскийдың "Жасаусыз қалыңдығында"), Петр Бессеменов (Горькийдің "Тоғышарларында"), Яго (Шекспирді "Отеллосында") т.б. Актер өнері парасаттылығымен, лирикалық бояу молдылығымен ерекшеленді. 1955 жылдан киноға түскен. Режиссурамен де шұғылданды. 7-9 сайлауларда Өзбекстан КСР Жоғары Кеңесінің депутаты.

Сыйлықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

КСРО Мемлекет сылйығының (1949,1977) және Өзбекстан КСР Мемлекет сыйлығының (1967) лауреаты. Ленин орденімен және басқа 2 орденмен марапатталған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 339 бет