Алексей Федорович Горобец

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Алексей Федорович Горобец (9.4.1922, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Корниловка селосы 16.7.1961, Украина, Одесса қаласы) 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, байланысшы, майор. Украин, Кеңес әскері қатарына 1941 жылы шақырылды. 1942 жылдың қаңтарынан Дала майданының 1-армиясына қарасты 92-гвардиялық дивизияның 139-жеке гвардиялық байланыс ротасы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943 жылы 29 қыркүйекте гвардия аға сержанты Полтава облысындағы (Украина) Келеберда селосы аумағында шағын жауынгерлер тобымен өтіп, алдыңғы шептегі байланыс орнатуға қатысты. Келесі күні ауыр жараланғанына қарамастан, зақымданған радио байланысты қайта жандандырды. Горобецке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (20.12.1943). Соғыстан кейін Киев әскери байланыс училищесін (1947) бітірді. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х