Алексей Тихонович Самсонов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Самсонов Алексей Тихонович (1928 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданындағы Петровка селосы) -Социалистік Еңбек Ері (1972).

Еңбек жолын 1941 жылы комбайнердің көмекшілігінен бастады, 1945 жылдан комбайнер болып істеді. 1954­-1957 жылдары Преснов ауданындағы «Организованный труд» ұжымшар бригадирінің көмекшісі. Ал 1957 жылдан «Благовещенский» кеңшарының № 2 бөлімшесінің комбайнері болып істеді.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1967 жылы Ленин орденімен, 1971 жылы Октябрь революциясы орденімен марапатталған. 1972 жылы 13 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Алексей Тихонович Самсоновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы.