Алексеевка каолин кені

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Алексеевка каолин кені — Көкшетау обл-ның Алексеевка қ. т. поселкесінің жанындағы ірі кен орны. Ол Ңырыққұдық (жоғарғы ордовик — төменгі силур) және Бурабай (төменгі девон) интрузивтері түйіскен жердегі мезозойлық үгілу қыртысынан орын алған. Кварцты диориттер, гранит- тер мен сазды тақта тастардың үгілуiнен пайда болған бастапқы каолин қабатының қалыңдығы бірнеше см-ден 77-ж-ге, ал ауд. 123 км²-ге жетеді. 3 участокта каолин кенінің 9 линзасы бар. Каолиннің түсі ақ, отқа төзімділігі 1740° С, хим. құрамы 6138/61 ГОСТ-нің барлық талаптарына сай келеді. Ңұрғақ, ылғалды күйінде байытуға болады. Концентрат шығымы 46,3—86,7%. Байытылмаған каолиннен отқа төзімді бұйымдар, ақ және түсті цемент алуға болады. Байытылған каолин нәзік керамика, санитарлық-тех., фаянс бұйымдарын, құрылыс плиталарын, жоғары сортты қағаз, кабель, резина т. б. материалдар жасауға жарамды. Жылына 1 млн т-дан аса каолин өндіретін карьер бар. Ол Целиноград, Қарағанды керамика з-дтарын, Павлодардың 2 целлюлоза-қағаз және Төм. Тагилдің металлургия комбинаттарын шикізатпен қамтамасыз етеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]