Александр Сергеевич Лаппо-Данилевский

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Александр Сергеевич Лаппо-Данилевский (1863 жыл 15 қаңтар, Днепропетровск облысы, Удалин ауылы - 1919 жыл 7 ақпан, Петроград) - орыстың буржуазияшыл тарихшысы. Петербург ғылым академиясының мүшесі (1899).

Дворян отбасынан шыққан. 1886 жылы Петербург университетін бітірген. Сол университеттің приват-доценті (1890), кейін профессоры. Феодалдық дәуірдегі Ресейдің әлеуметтік-экономикалық, саяси тарихы, орыс археологиясының тарихи методологиясы негіздері жөніндегі көп еңбектің авторы. Ғылыми қызметінің алғашқы кезеңінде тарихи процестің мемлекеттік теориясын жақтады, позитивистердің көзқарасында болды. XX ғасырдың басында неміс философы Г.Риккерттің әсерімен неоканттық позиция ұстады, тарихты марксистің тұрғыдан түсінуге қарсы шықты, субъективтік идеализмге ұрынды. Лаппо-Данилевскийдың нақтылы құжаттармен жазылған деректердің ғылыми маңызы зор.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том