Александр Иванович Гридинский

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Александр Иванович Гридинский (14.9.1921, Ресей, Рязань қаласы. - 7.6.1944, Молдова, Резина ауданы, Распопены селосы.) 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, әскери ұшкыш, аға лейтенант. Алматы қаласындағы №15 орта мектепте оқып жүріп, қаладағы аэроклубта сабақ алған. Орынбор қаласындағы әскери авиациялық училищені бітірді. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдан Калинин, Воронеж, бірінші және екінші Украина майдандарында қатысып, 292-штурмдық әуе дивизиясы, 800-штурмдық әуе полкінде және 9-гвардиялық әуе дивизиясы, 144-гвардиялық штурмдық әуе полкі құрамында, эскадрильяның звено командирі қызметінде болды. Гридинский 152 әскери әуе сапарына шығып, жаудың 20 ұшағын, 35 танкісін жойды. Жаудың 4 ұшағымен болған тең емес ұрыста ерлікпен қаза тапты. Гридинскийге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (6.5.1965). Гагарин, Рязань қалаларындағы көшелерге есімі берілген. Екі рет Лениннің Қызыл Ту, І-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х