Александр Григорьевич Попов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Александр Григорьевич Попов(24.12.1917, Ресей, Қорған облысы, Макушин ауданы, Степное деревниясы - 30.4.2004, Ресей, Мәскеу қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, майор, 209- гвардиялық атқыштар полкінің штаб бастығы. Орыс. 10 жыл Қазақстанда тұрған. 1941 жылы Алматы мемлекеттік университетін биология мамандығы бойынша бітірген. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың маусымында алынып, 1942 жылдың мамырында майданға аттанды. Попов 1942 жылдың 12 мамырында батальонның адъютанты ретінде Харьков қаласының түбіндегі соғыста болды. Сталинград, Воронеж, Курск шайқастарында ерлігімен көзге түсті. 1943 жылы 25 қыркүйекте Украинаның Верхнеднепровск ауданы Бородаевка селосы маңында жау әскерін талқандауға қатысты. Шайқаста көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тап- сырылды (26.10.1943). Яссы-Кишинев операцияларына, Румыния, Болгария, Венгрия жерлерін, сонымен бірге Белгоград қаласын азат етуге қатысты. Попов соғысты австриялық Альпі тауларында аяқтады. Соғыстан кейін әскери қызметін жалғастырды. М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны аяқтап, Алматыдағы Дала әскери округінде, одан соң Түркістан әскери округінде жауапты қызметтер атқарды. 1-дәрежелі Отан соғысы, 3 рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталған. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х