Алеврит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Алеврит — өлшемі 0,01-0,1 мм ұсақ үгінділерден тұратын борпылдақ шөгінді тау жынысы. Алеврит терминін 1932 жылы Н.Заварицкий (1932) ұсынған. Оның минералдық құрамы үгіліске түскен бастапқы тау жыныстарының құрамына байланысты. Алеврит негізінен кварц, дала шпаты, слюда т.б. минералдар түйіршіктерінен түзіледі. Түйіршіктерінің өлшемдеріне байланысты Алеврит ірі Алеврит (0,05-0,1 мм) және ұсақ Алеврит (0,01-0,05 мм) болып бөлінеді. Алеврит экзогенді процестердің нәтижесінде пайда болып, жел көтерген тозаңнан немесе баяу аққан су тасқындарының шаймалауынан шөгеді. Алевриттің тозаң қабаттары мен суда шөккен тұнбалары Қазақстанда төрттік кезеңде түзілген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы