Алдияр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Алдияр (парсы тілінде - Аллаңыз жар болсын) - қаратпа сөз. Ұлық адамдарға, ханға, сұлтанға, т. б. құрметпен тіл қатудың көне түрі.[1] Алдияр сөзі қазақ арасында ислам діні ықпалымен қалыптасқан. Қазақша мағынасында алдияр бағыныштылықты, жалыныштылықты, кішілікті, әдептілікті білдіреді. Ұлықтарға бұлайша тіл қату басқа халықтарда да бар. Діни қаттамдар болмаса, қаратпа сөздің бұл түрі бүгінде қолданудан қала бастады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9