Алабұта

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Goosefoots
Many-seeded Goosefoot (Chenopodium polyspermum)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Eudicots
(unranked) Core eudicots
Сабы: Caryophyllales
Тұқымдасы: Amaranthaceae
Кіші тұқымдасы: Chenopodioideae
Тегі: Chenopodium
Species

Many, see text

Алабұта (Chenopodіum) – алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер туысы. Ол көбіне өзен-көл жағаларында, сор, сортаң, жерлерде өседі. Қазақстанда 20 түрі бар. Алабұтаның биіктігі 5 – 300 см-дей. Гүлі қос жынысты, шашақты гүлшоғырына топталған. Алабұтаның ең жиі кездесетін түрлері кәдімгі Алабұта және иісті Алабұта . Кәдімгі Алабұтаның биіктігі 10 – 300 см-дей. Тік бұтақты сабағына ақтүкті жапырақтары кезек орналасады. Гүлі қосжынысты, ақшыл сары түсті келеді. Маусымтамызда гүлдейді, қыркүйекте жеміс береді. Тұқымында көптеген пайдалы заттар бар. Халық медицинасында пайдаланады. Тұқымын кебекпен араластырып, малға береді. Иісті Алабұта сары жасыл түсті, хош иісті, биіктігі 15 – 60 см-дей. Ұзынша келген жапырағы сабаққа кезек орналасады. Ұсақ гүлдері шашақты гүлшоғырына топталған. Маусым – тамызда гүлдейді. Дәрілік өсімдік ретінде қан тамырларын, демікпе ауруларын емдеуге және қара күйе көбелегін жоюға пайдаланылады. [1] [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том
  2. «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;