Аймақтық теория
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Аймақтық теория(Зональная теория) — кристалл ішіндегі электрондар қозғалысын сипаттайтын кванттық теория. Осы теорияға сәйкес электрондардың энергетикалық спектрі кезекпен орналасқан рұқсатты және рұқсат етілмеген энергетикалық аймақтардан (жолактардан) тұрады. Аймақтық теория нәтижелері қатты денелердің көптеген маңызды заңдылықтары мен қасиеттерінің табиғатын түсінуге мүмкіндік береді; металдар, шалаөткізгіштер және диэлектриктер физикасын дамытудың негізін қалады. Аймақтық теория негізін неміс физигі Ф. Блох (1928 ж.) және француз физигі Л. Бриллюэн (1930 ж.) жасаған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — электроника туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |